"Қалай?"емес "Не үшін?"
"Қалай?"емес "Не үшін?"
Кез келген адам үшін сұрақты дұрыс қоя білу өте маңызды. Кей жерлерде "қалай?" деген сұрақтың орнына "не үшін?" деп сұрау, өмірден өз орнымызды табуға қатты көмегін тигізеді. Басқа адамдар "не үшін?" деген сұрақты ұната бермейді. Неге? Оның екі себебі бар. Біріншісі: "бір істі жасап жүр бірақ не үшін екенін өзі де білмейді" Екіншісі: "не үшін" деген сұраққа жауап беру — көп энергияны алады, миды қозғайды, ақылдың жұмыс істеуін қажет етеді. Көпшілік ақылға салып ойлануды ұнатпайды. Оларға "қалай?" деген сұрақ ұнайды. Оған жауап беру өте оңай.
Құлшылық үшін "не үшін?" деген сұрақтың қаншалықты маңызы зор екендігін білсеңіз...
"Намазды қалай оқимын?" деген сұрақты көп адам қояды және көпшілік сол сұраққа жауап бергіш. Керек десеңіз том-том  кітаптар жазып тастаған. Негізінде қалай оқылатынын мешітке барып, қасындағы тұрған адамнан да үйреніп алады. Ал "намазды не үшін оқимын?" деген сұраққа мардымды қылып жауап берушілер өте аз. Ең маңызды сұраққа. Ораза да дәл солай. Не үшін ұстап жүргенін білмейтіндер жетіп артылады...
—Қалай?
—Былай! 
—Не үшін?
—...
 
Төле би ҒалымұлыТөле би Ғалымұлы
5 лет назад 2356
0 комментариев
О блоге