Аяттан алған əсер
Аяттан алған əсер

1) Адам баласын жоқтан бар етіп, өте көркем келбетте жаратып, əлсіз болса да "жер" атты алып ғаламшарға билігін жүргіздірген - АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН БАСТАЙМЫН.

2) Сəби кезімізде, өз аузымызға өзіміз қасық апара алмайтын, өзіміз отырып, өзіміз тұра алмайтын кезде - қасымызға бізге бар махаббатын төгіп, бізге қызымет еткен ата-ананы берген БАР МАДАҚ КҮЛЛІ ƏЛЕМНІҢ РАББЫСЫ БІР АЛЛАҒА АРНАЛАДЫ.

3) Ер жете келе өзімізге зиян беретін тиымдарынан толық тиылмастан, пайда беретін бұйрықтарын сүрініп жүріп əрең орындасақ та. Берілген нығыметтеріне шүкірлік етпей, тіпті сəл сынақ көрсек күпірлік сөдерайтып қойсақ та. Арамыздан өздерінің бейшаралықтарына қарамай "Құдай жоқ" деген кəпір қауым шығып жатса да бар əлемді ризықтандыруын тоқтатпаған - ОЛ РАХМАН ƏРІ АСА РАХЫМДЫ. 

4) Адамдарды бұл өмірдегі мерзімі мен сынағы біткенде, сынақтан сүрінбей өткендерін Жəннат баққа қайтару үшін есеп алатын, амалдарын əділетті түрде таразылайтын - ДІН КҮНІНІҢ ИЕСІСІҢ. 

5) Жер бетіне жіберген соң жəннатқа қайта оралудың жолын көрсеттің. Бізді адасуда тастамадың. Өзің көрсеткен жол мен - БІР ӨЗІҢНЕН ҒАНА МЕДЕТ ТІЛЕЙМІЗ. 

6) Біз тура жолды қаладық. БІЗДІ ТУРА ЖОЛҒА САЛА КӨР.

7) ҚАҺАРЫҢА ҰШЫРАҒАН ЖƏНЕ АДАСҚАНДАРДЫҢ ЕМЕС, ӨЗІҢ НЫҒЫМЕТКЕ БӨЛЕГЕН ЖОЛҒА. 

                Əмин. 

Төле би ҒалымұлыТөле би Ғалымұлы
6 жыл бұрын 2299
0 пікір
Блог туралы