Түсімізге əсер еткен көгілдір экран...
Түсімізге əсер еткен көгілдір экран...

    Түс- адам өміріндегі кереметтердің бірі. Қанатың жоқ болса да аспан əлеміне саяхат жасататын, алып кемең болмаса да теңіздің бетімен жүзгізетін, бақытсыз адамның бір сəт бақыттан басын айналдыратын жағдайлар адамның түсінде орын алып жатады. Орта есеппен адамзат баласының 12 пайызы түрлі-түсті түс көре алмайды екен. Ал жасымыз жиырма бестен төмен болса бұл көрсеткіш тіпті 4.4 пайызға төмендейді. Яғни тек бір реңді түстер көреді. Бірақ қазіргі замандағы Ғалымдардың зерттеуі бойынша, түрлі-түсті түс көретін адамдардың пайызы күн сайын артып келеді. Оған себеп- бүгінгі таңдағы адамның басын айналдыратын теледидардағы эффектілер мен жарқыраған түрлі-түcті телефон экрандары. Бұлар адамның миына əсер еткені соншалық тіпті түсінің реңін өзгертіп жібереді екен. Ал түсімізге əсер еткен көгілдір экран ісімізге əсер етпейді деп айту қиын...

Төле би ҒалымұлыТөле би Ғалымұлы
6 жыл бұрын 2975
1 пікір
Блог туралы