Заманына сай Арманы
Заманына сай Арманы

Ұстаздық қызымет атқарып жүрген жылдарымның бірінде, мектептегі балаларға "Мешіт" тақырыбында шығарма жазуға тапсырма бердім. Бесінші сынып оқушылары  болғаны мен жазған дүниелерінде пайда аларлық ойлар бар екен. Соның ішінде: Арман деген баланың жəне Заман деген баланың шығармасын оқып көрсек.
                            Арман
 Біздің қалада мешіттер өте көп. Ол жерге əкем ағам жəне інім төртеуміз жиі барып тұрамыз. Демалысымызды мешітте өткізуге тырысамыз. Себебі ол жерде кітапхана бар, оқырман залы орналасқан, асханасының бағасы қол жетімді, тамақтары тіл үйірерлік. Теннис ойнайтын шағын алаңы уақытты керемет өткізуіңе кепіл болады, жəне ойыңның жүйріктігін дамытатын шахмат үстелдері де бар. Соның барлығы мешіттің астыңғы қабатында орналасқан. Одан бөлек жуынатын орындар бар. Ол жерге тек тұрақты жамағатты кіргізеді. Біз де солардың қатарынанбыз. Жəне онда жас ерекшелігіне қарай балаларды топтарға бөліп, олармен дін қызыметкерлері жұмыс жасайды. "Менталды орифметика" "логика" "Құран жаттау", "ақындық өнер" сынды секцияларға жазылуға болады. Мен өзім логикаға жазылдым.  Үлкен кісілерге арналған "Ересектер тобы" бар. Б Ол жерге әкеміз барады.  Біз оған əлі барып көрмедік. Жоғарыда аталғандардың барлығы бесін намазынан кейін атқарылатын амалдар. 
    Таң намазын сол жерде оқып болғаннан соң таңғы асты мешіт асханасынан ішіп аламыз. Одан кейін əкеміз оқу залына барып жұмыстарын істейді. Ағам сол мешітте қалып құран жаттайды. Інім екеуміз теннис, шахмат ойнаймыз. Осылайша бесін намазының уақыты кіргенін де аңғармай қаламыз. Намаз оқып алғаннан кейін əр-кім өз тобына кетеді. Топтық жұмыс екінтіге дейін жалғасады. Екінті намазынан кейін бас имам барлық жамағатқа уағыз айтады. Ол уағыз біздің апта бойына қуатымыз болады деп айтса болады. Жамағаттың арасында туған сұрақтар болса сол отырыста бірден жауап тауп кетіп жатады. Тіпті адамдардың моральдық, материялдық мəселелерін де қарастырып, ешкімнің айтуынсыз ақ жамағат арасынан көмек берушілер табыла кетеді. Бұл жиналыстардан кейін шам кіреді.  Кешкі ас ішіп, шам оқығаннан кейін мешіттің алаңына барып барлығымыз футбол ойнаймыз. Үйге қайтатын уақыт келгенде айналаңдағы адамдарға қалай бауыр басып қалғаныңды аңғармай қаласың.  Құптан намазы үйде оқылады.
     Əр аптаның сенбі күні осылай қайталанып отырады. Достарым да əкелерімен ағаларынан қалмай келіп отырады. Мектепте кездескен бөлек, ал мешітте кездескен мүлде бөлек болады екен. Арамыз жақындай түседі. Əр мешітте əр түрлі секциялар бар. Таңдау еркі өте жоғары. Кей бір үлкен мешіттерде тіпті сауда орталықтарын ашып тастаған. Азан шақырылғанда барлығы саудаларын тоқтатып, намазға барады. Есіктерін құлыптап əуре болып жатпайды. Осы күнге дейін бір адамның бір заты жоғалған емес. Ал Құрбан айт, мəуліт секілді үлкен мерекелерде жарсытар өткізіліп, құнды жүлделер ойнатылады. Біз аптаның соңын мешітке бару үшін асыға күтеміз...

                            Заман
Мен мешітке бос кезімде атаммен барып тұрамын. Əкемнің оған уақыты жоқ. Үйде отырып жұмысын істейді. Інімнің де демалыс күндері математикадан қосымша сабағы бар, сол себепті ол да бара алмайды. Мен де аптасына екі рет шахматқа қатысам, сол күндер демалысқа түсіп қалмаса атам мешітке ертіп апарады. Бірақ ол жерде ұзақ болмаймыз. Намаз оқи сала қайтамыз. Имамның алдында оншақты адам уағыз тыңдап отырады. Бір күні мен де тыңдап көргім келді. Алайда уағызының арты сақалы сапсиған бір кісімен дауға айналды. Мен түсінбейтін сөздерді айтып жатты. Ішім пысқаннан кетіп қалдым.  Достарым да мешітке қыдырып жүрген кездерінде соғып тұрады. Себебі ол жерде əжетхана тегін...

Төле би ҒалымұлыТөле би Ғалымұлы
6 жыл бұрын 3358
1 пікір
Блог туралы